Алматы облысында жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талғар ауданында Алматы облысындағы Бесқайнар - Алматау тас жолының 14-ші шақырымында 13 тамызда сағат 13.20-да "Лексус" көлігінің жүргізушісі бөгетті соқты, соның салдарынан көлік көпірден құлап, аударылып кетті.

Соның салдарынан 16-18 жастағы бір бозбала қаза тауып, 4 жасөспірім ауруханаға жатқызылды.