ТЖМ мәліметінше, 2 маусымда сағат 09.00-де Талдықорған қаласында (Алматы облысы) "Тойота" және "Мерседес" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 55 жастағы жүргінші әйел қаза тапты. "Тойотаның" жолаушысы мен тағы бір 16 жастағы жүргінші қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2 маусымда 17 сағат 30 минутта Алматы - Боралдай - Шамалған тас жолында, Исаев ауылының маңында "Фольксваген" автокөлігі ағашқа соқтығысып, көлге құлады. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.