Алматы облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, екеуі жараланды

Апат Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 112 -шақырымында болған. Аударылып кеткен "Ниссан" көлігі "ВАЗ-21063" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан екі жүргізуші мен "Ниссанда" отырған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. "Ниссанда" отырған тағы екі жолаушы, соның ішінде 2 жасар бала ауруханада көз жұмды. "Жигули" автокөлігінде отырған 7 жасар екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.