Мәселен, 16-қазанда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 171-шақырымында "Volvo" автокөлігінің жүргізушісі "Volkswagen" автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында сондай-ақ Алматы-Өскемен тас жолының 344-шақырымында "Mazda-626" автокөлігінің жүргізушісі "ЗиЛ-130" көлігімен соғысты. Апат салдарынан "Mazda-626" автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында опат болды.
Сондай-ақ, Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 126-шақырымында "Mercedes" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті