Алматы облысында жол апатынан 9 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті

Жол апаты Қарасай ауданында, Қаскелең-Шалқар-Шамалған автожолының 2-ші шақырымында болды. "ВАЗ-2106" автокөлігі "ВАЗ-2104" автокөлігімен соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі жүргізуші мен жеті жолаушы, соның ішінде 2002 және 2003-жылдары туған екі кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.