Алматы облысында жол апатынан 9 адам зардап шекті

Жол апаты Қаратал ауданында болды. Талдықорған-Үштөбе тас жолының 47-шақырымында жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған "Мазда-26" автокөлігі "Субару-Легаси" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан екі көлікте отырған 9 жолаушы, оның ішінде 9 жасар бала мен төрт әйел түрлі жарақаттармен Үштөбе аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

Баспасөз қызметінінң ақпаратына сәйкес, тек соңғы бір тәулікте Алматы облысының жолдарында 7 жол апаты болды. Одан 18 адам зардап шекті.