Апат жексенбі күні таңертең Алматы-Өскемен тас жолында болып, "Опель" және "Тойота" автокөліктері соқтығысып қалды, соңғысы жанып кетті. "Өртті сөндірген кезде "Тойотаның" ішінен жанып кеткен төрт мәйіт табылды. Олардың аты-жөні белгісіз. Сонымен бірге оқыс оқиға орнында "Опель" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы -Германияа азаматы мерт болды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті