Алматы облысында жол апатынан бес адам мерт болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Балхаш ауданында Алматы-Бақанас-Қараой тас жолының 123-шақырымында 26-қазанда 13 сағат 35 минутта "Москвич-412" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан еркек оқиға орнында мерт болды.

Сол күні Райымбек ауданында Кеген-Көкпек тас жолының 45-шақырымында 17 сағат 40 минутта "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында опат болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті