Алматы облысында жол апатынан бір адам мерт болып, бес адам жараланды

Апат Алматы-Өскемен тас жолының 259 шақырымында болып, "Фольксваген" және "ВАЗ-21099" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигули" көлігінде отырған әйел оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен тағы да үш жолаушы, соның ішінде 7 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.