Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында, Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 55-шақырымында болған. "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигули" көлігінде отырған 56 жастағы әйел қаза тапты. Екі жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.