Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жол апаты 8-наурызда Жамбыл ауданында Ұзынағаш-станция Ұзынағаш автожолының 4-шақырымында болған. "ВАЗ-2121" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-21063" автокөлігімен соғысып қалған. Апат салдарынан "ВАЗ-21063" автокөлігінде отырған 20 жастағы жолаушы қыз қаза тауып, екі жолаушы мен "ВАЗ-2121" автокөлігінде отырған екі жолаушы ауруханаға түсті.