ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қарасай ауданында Алматы - Бішкек тас жолында 12 маусым сағат 12.00-де "Фиат" және "Мерседес" көліктері соқтығысты.
Жол апаты салдарынан "Фиат" көлігінде отырған 9 жасар қыз оқыс оқиға орнында қаза тауып, екі жүргізуші мен "Фиат" көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.