Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ескелді ауданында 10-қыркүйекте 20 сағатта "Мазда-626" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге сол күні Іле ауданының Қоянқұс ауылында 21 сағат 30 минутта "ВАЗ-21093" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті