Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

ТЖМ мәліметінше, 26 мамырда 00 сағат 30 минутта Алматы-Өскемен тас жолында (129 -шы шақырым) "ГАЗ-3110" және "БМВ" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "ГАЗ-3110" көлігінде отырған жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. "ГАЗ-3110" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, "БМВ" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 мамырда 11 сағат 30 минутта Үшарал қаласында (Алматы облысы) "Мерседес" көлігі жүргіншілерді қағып кетті. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды.