Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Жамбыл ауданы Алматы - Бішкек тас жолының 65-ші шақырымында 10 тамызда сағат 11.20-да "Тойота" көлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды.
Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында мерт болып, үш жолаушы (22 және 54 жастағы әйел мен 10 жасар бала) ауруханаға жатқызылды.