Алматы облысында жол апатынан үш адам мерт болды


Алматы облысының Қапшағай қаласында Алматы-Өскемен тас жолының 62 шақырымында жол апатынан үш адам мерт болып, бір адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол апаты 25-қазанда кешке болып, "Ауди-80", "Мицубиси-Галант" және "ЗиЛ" автокөліктері соқтығысып қалған. "Мицубиси-Галант" және "ЗиЛ" автокөліктері апаттан кейін жанып кетті. Жол апаты салдарынан "Мицубиси-Галант" автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен оның 30 және 26 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.