Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, араларында Бельгия азаматы бар



Жол апаты бейсенбі күні Алматы-Астана тас жолынан 186 шақырым жерде Жамбыл ауданында болған. Министрліктің мәліметіне қарағанда, 67 жастағы жүргізуші абайсызда автокөлікті аударып, салдарынан өзі және екі жолаушысы оқиға орында көз жұмды. Олардың арасында 39 жастағы Бельгия азаматы бар. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.