Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жатқызылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, Талғар ауданында 4-қазанда Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында 21 сағатта "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан олар оқиға орнында мерт болды.

Сол күні Ұйғыр ауданында Ақсай-Шонжы-Құлжа тас жолының 55-шақырымында 18 сағат 50 минутта "ВАЗ-21074" автокөлігінің жүргізушісі "Стеир" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан "Жигули" жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, тағы біреуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті