Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақаттанды


Белгілі болғандай, «Лада» көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы 4 адам, оның арасында кәмелет жасқа толмағаны да бар, түрлі жарақатпен Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алдын ала нұсқа бойынша «Лада-Приора» көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп,  «Митсубисиге» соғылған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.