Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, үш адам жараланды

Жол апаты Үштөбе-Талдықорған автожолының 20-шақырымында, Қаратал ауданында болып, "Мерседес" және "ВАЗ-2109" автокөліктері соғысып қалды. Апат салдарынан "Жигулиде" отырған 3 адам, соның ішінде 7 жасар бала қаза тауып, екі жолаушы мен Мерседесте отырған бір жолаушы ауруханаға түсті.