Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алматы - Өскемен тас жолының 68 шақырымында 20 сағат 20 минутта "Вольво" жүк көлігінің жүргізушісі "Ауди" жеңіл көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан "Ауди" көлігінде отырған бір жолаушы мерт болып, жүргізуші мен екінші жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті