Алматы облысында жолаушыға толы автобус апатқа ұшырады


Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат «Алматы-Өскемен» тас жолының 566 шақырымында, Алакөл ауданының Жанама ауылының маңында болған. 

«Алдын-ала болжам бойынша жол апаты автобус жүргізушісінің кесірінен болған. Ішінде 45 жолаушысы болса да, автобус жүргізушісі «Субаруды» басып озуға тырысқан. Салдарынан көліктер соғылып, «Субару»-дың жүргізушісі қаза болды», - делінген хабарламада.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық өндірістік іс қозғалды. Автобус айып тұрағына кіргізілді.