Оқыс оқиға 22 мамыр күні кешкі тоғыздар шамасында, автомагистральдың 56-ші шақырымында болған, деп жазады ҚазАқпарат.
«Чапаев ауылының маңында «VANHOOL» маркалы автобус өртенген. Ол Жезқазғаннан Алматыға коммерциялық рейспен келе жатқан. Өрт 22:24-те ауыздықталып, 23:10-да толықтай сөндірілді», - деді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, автобуста 8 адам болған. Олардың барлығы өрт кезінде автобустан өздері шығып үлгерген. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.
Оқи отырыңыз:
Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді
Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты
Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді