Caravan Logo

Алматы облысында жолаушылар пойызының машинисі бір адамды қағып кетті

Алматы облысында жолаушылар пойызының машинисі бір адамды қағып кетті

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Сарқант ауданында Лепсі станциясының темір жол бекетінде 18 ақпанда сағат 07.45-те Семей мен Қызылорда арасында қатынайтын №21 жолаушылар пойызының машинисі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттың салдарынан 44 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды.