"Алматы облысында Алматы - Өскемен тас жолында 25 наурызда 21 сағат 30 минутта "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі "Фольксваген" көлігімен соқтығысуы салдарынан "Фольксваген" жанып кетті. Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза тауып, "Ауди" жүргізушісі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды ТЖМ.