Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетті

Жол-көлік оқиғасы 24-сәуір күні кешке Жамбыл ауданында "Қазыбек би" темір жол бекетінде болған. "38 жасар машинист жүргізіп келе жатқан Алматы І - Отар бағытындағы № 3011 жүк поезді 1975-жылы туған бір еркек пен әйелді соғып кеткен, олар алған жарақаттар салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті