Алматы облысында жүк поезының тепловозында өрт болды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 19.25 Үштөбе-Сарыөзек-Алматы-Шу бағытымен келе жатқан №2003 поезының №2757 тепловозы шахта тоңазытқышының екі бөлімінде өрт тұтанды.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, зардап шеккендер мен өлім -жітім жоқ. Поезд қозғалысы 1 сағат 13 минутқа тоқтатылды. Өрттің пайда болу себеп-салдары мен материалдық шығын көлемі анықталуда. Тілсіз жаудың жалынын басуға ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 11 адамы мен 2 техника жұмылдырылып, 20.25 өрт толық сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті