Бұл туралы жаңа жыл қарсаңында республикалық және облыстық БАҚ журналистерімен өткен дәстүрлі кездесу барысында облыс әкімі Серік Үмбетов хабарлады.
«Бұл сіздер үшін ортақ үйге айналады, сіздер тек облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін ғана емес, республикалық БАҚ жекеменшік тілшілерінің басын да бір шаңырақ астына жинауға мүдделісіздер», - деп атап өтті Серік Үмбетов.
Әкімнің айтуынша, бұл мақсат үшін 500 млн. теңге қаражат бөлініп те қойған. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен ғимараттың салынатын орнын анықтау жұмыстары қалған.