Алматы облысында жұрт бақша қоғамының төрайымын қуып кетіре алмай жүр

Еңбекшіқазақ ауданына қарайтын «Көксай» саяжайында 720 түтін бар. Ел қарасы көбейіп, өз бетінше бір ауылға айналған бұл жердің тұрғындары жаппай бір адамға ғана разы емес. Айтуларынша, коммуналдық-инженерлік қызмет көрсететін бақша қоғамының төрайымы өз жұмысына жауапсыз.

Ерке Салықова, саяжай тұрғыны:

- Жолымыздың түрі мынау, жарық жоқ көшеде. Таңғы сағат 6-7 жарымда балалар мынау автобусқа келеді. Сусыз отырады, жаздай.

Ешкімнің рұқсатынсыз өз-өзін сайлап алған төрайым онымен қоймай, электр жарығының ақшасын жыл сайын көбейтті дейді тұрғындар. Одан бөлек, әрбір түтін басына қоғам мүшесі ретінде алатын жарна тағы бар.

Гүлсім Бабақова, саяжай тұрғыны:

-Мен үйді алған кезде  мүшелік үшін 4 мың теңгеден алды.  Ендігі жылына да 5 жарым мың теңгеден алды. Біреулерден 4 мың, біреулерден 3 мың, қалаған бағасына. Ал биыл 6 мыңнан көтерген.

Ауыл ішіндегі шұрық тесік жолдар да төрайымның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп тұрғандай. Ал қайта-қайта көтерілетін жарық бағасына қатысты сот шешіміне пысқырып та қарамайды екен. 


-Шешімді қақ бөлді де қарға лақтырып жіберді.

Бар мәселеге қатысты айтарын бізге тек телефонмен баяндаған төрайым тірлігінің барлығы заңды екенін айтады. Жиналған ақшаның барлығы су құбырларын жаңартуға жұмсалуда екен. Алайда, басшы әйелмен әңгімесі жараспаған тұрғындар қалайда оны орнынан алу үшін енді жемқорлықпен күрес қызметіне арызданбақшы. Өйткені, төрайымның қаржылық былығы да жетерлік дейді олар. 

Loading...