Алматы облысында жұрт құрылысшыларға қарсы шықты

Ардақ Әліқұлова, Талғар қаласының тұрғыны:

-Жатын бөлме жарылып жатыр. Енді не түн ұйықтамаймыз, не күн ұйықтамаймыз.

Жұрт пәтерлердегі  осындай жарықшақтардан қорқады. Өйткені негізгі тіреулерді бұзып-жарып, күрделі жөндеуді бастаған бірінші қабат иесінің кесірінен, ғимараттың іргетасы үгітіле бастаған. Тұрғындардың сөзіне құлақ аспаған қалталы азаматты тоқтатуға полицейлер мен әкімдіктегілер де қауқарсыз. Шағымдары үнемі жауапсыз қалатын жұрт бүгін Талғар қаласының әкімімен бетпе-бет жүздеспек болды. Бірақ шенеунікті әдеттегідей жұмыс орнынан табу мүмкін емес. Ал басқа қызметкерлер жөн сұрасуға да жараған жоқ.

Loading...