Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері үш браконьер ұсталған. "Барлық үш дерек бойынша мемлекетке келген шығын сомасы 1 миллионды құрап отыр",- деп хабарлады Алматы облысының Ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясының бастығы Бүркіт Даданбеков.
Баспасөз қызметінде айтылғандай, соңғы браконьерлік дерек Балқаш ауданында 26-наурызда тіркелген. "Полицейлер "Томар-жылқышы" аумағында "Заготпушнина" ЖШС аңшысын ұстап, одан заңсыз ауланған 67 ондатрдың терісін тәркіледі",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Ұсталған азамат аң аулау маусымының 2006 жылдың 31-желтоқсанында аяқталғандығына байланысты, браконьерлік дерегі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. "Іске, сондай-ақ заттай дәлел ретінде браконьерден ұсталған кезде тәркілеген қақпан, ілмек және тұзақ қосылады",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті