Алматы облысында жылу желілері 65 пайызға тозған

2013 жылы 21,8 млрд. теңгеге қазандықтарды жаңғырту мен салу бойынша 13 жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 35 шақырым жылу желілері жаңғыртылды және жөнделді, бұл жылу желілерінің тозуын 60 пайызға, жылудың текке кетуін - 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

«2014 жылы төрт қазандық пен 44 шақырым жылу желілерін жаңғырту және салу бойынша алты жобаны жүзеге асырып, бұған 3,2 млрд. теңге қаржы жұмсау жоспарланып отыр. Талдықорғанда 66 шақырымға жуық желлерді жөндеу көзделген, бұл желілердің жалпы ұзындығының 20 пайызын құрайды», - деп нақтылады баспасөз қызметі.  

Жылумен жабдықтауды жалпы қуаты 700,0 Гкал/сағат 28 қазандық жүзеге асырады.