Алматы облысында жындыханада тіркеуде тұрғандардан құралған барымташылар тобы құрықталды

Полицияның мәліметіне сәйкес, топты бұған дейін бірнеше мәрте сотталған жергілікті тұрғын басқарған. Ол облыстың әр ауылдарының тұрғындарынан малдарын алдап алуды әдетке айналдырса керек. Өзіне сыбайластар ретінде әлгі әккі сезім-жүйке ауруларының диспансерінде тіркеуде тұрған жандарды таңдайтын болған. Алда-жалда полиция мал тонаушылардың ізіне түсе қалған жағдайда қол астындағы "сарбаздары" жауапкершілікті өз мойнына алатындақтан, полиция оларды сотқа тарта алмайтын көрінеді. Топ тек жылқы түлігін тонауды кәсіпке айналдырған.

Барымташылар тобы 7 адамнан құралады. Олардың ішінде бұған дейін қарақшылығы мен жасанды құжаттар дайындағандығы үшін сотталған топ жетекшісі ғана елірмелер санатында жоқ көрінеді. Полицияның мәліметіне сүйенсек, қазіргі жағдаймен топтың 7 тонаушылық оқиғасына қатыстылығы дәлелденіп отыр.