Бұл жолы жазасын өтеп жатқан үш бірдей адам өздерін түрме қызметкрелерінің қрып-соққанын айтып шағымданды. Ал, Сотталушылар құқығын қорғау ұйымының өкілдері болса бұл бассыздық тыйылмаса жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін деп алаңдайды. Алайда, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер оларлың екеуі түрме қызметкерінің бұйрығына бағынбай оған дене жарақатын салғандықтан, оларға қарсы шара қабылданғанны хабарлады. Олар өздерінің заңға қайшы әрекетімен қоғам назхарын өздеріне аудартқысы келеді дейді.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Алматы облысындағы атышулы ЛА155/14 мекемесі тағы да қоғам назарына ілікті. Бұл сотталушылар түрме қызметкерлері ұрып-соқты деп. содан алған дене жарақаттарын видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялады. Үш бірдей сотталушы түрме басшылығы тарапынан болған әделетсіздікті айтуға талпынған. Алайда аймақ қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер сотталушылар түрмедегі тәртіпке бағынғысы келмегендерге арнайы құрал қолданылғанын жеткізді. Үндеу жариялаған жазасын өтеушілер үнемі тәртіп бұзады екен. Олар қоғам назарын өздеріне аудару арқылы жауапкершіліктен құтырлуды көздеп отырған көрінеді.
ДИДАР АТАНТАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Олар жауапкершілікке тартылады. Өйткені, мына мекеме ішінде отырған сотталғандарға мына ұялы телефонмен байланысқа шығуға құқығы жоқ. Ол - бір. Екіншіден, қазіргі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен орталық апараттан келіп қызметкерлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр»
Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің уәжімен құқық қорғаушылар келіспейді. Олардың уәжінше, түрмедегі жағдай қазір шиеленісе түскен. Қазір онда ешқандай тәртіп жоқ көрінеді. Мекеме қаржыландырылмайтын болуы керек. Соның салдарынан сотталушыларға жағдай жасалмаған. Жөндеу жұмыстарын айтпағанда, ең қажетті заттардың өзі берілмейді екен. Ол аздай қызметкерлер сәлемдемелерді кіргізуді табыс көзіне айналдырыпты. Қазір прокуратура бұл мекемені жабу мәселесін көтеріп жатқан көрінеді.
КОНСТАНТИН ГУДАУСКАС, СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Түзету мекемелерінде күнделікті өмірде сатыл ала алмайтын заттардың барлығын кездестіруге болады. Әлеуметтік теңсіздік салдарынан бірі өзіне лайықты жағдайды сатып алса, екіншілерінің мұндай мүмкіндікке қолы жетпейді. Салдарынан әлеуметтік толқу болады. Қазір мекеме әкімшілігі мен сотталушылар арасында ашық соғыс болып жатыр. Басшылық ешқандай жағдай жасамастан, тәртіпті талап етеді».
Жалпы Алматы облысындағы ЛА 155/14 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің қоғамнан көмек сұрауы бірінші рет емес. Осыдан бір ай бұрын ондағылар дене жарақаттарын видеоға түсіріп, шағымданған болатын. Оншақты адам түрлі дене жарақатын алса, екі сотталушы қарындарын тіліп тастаған еді. Өткен жылы Алматы облысындағы түрмелерде 7 адам көз жұмса, соның төртеуі осы ЛА155/14 мекемесінде жазасын өтегендер.
Соңғы орын алған жағдайға байлансты Өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары қызметтік тексеру жүргізген. Оның барысында түзету мекемесіне ұялы телефон алып кіру, тағы басқа заңсыздықтарға жол берген 8 қызметкер жауапкершілікке тартылып, мекеменің жаңадан келген басшысын орнынан босату туралы ұсыныс енгізіпті.