Алматы облысындағы Көкдала ауылында 77 үй мен орта мектепті жайылма су алды

"Халықтың бір бөлігі (330 адам) Ескелді ауылына көшіріліп, туыстары мен ауылдық мектепте орналастырылды. Бас каналдың жарылған жерін бітеу, ауылдан суды бұрып жіберу жұмыстары жүргізілуде", -деп хабарлайды ТЖМ.

Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға 131 адам мен 39 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ-нің 91 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды.