Алматы облысындағы мерекелік шараға 3 мыңнан астам адам қатысты

Оған үш мыңнан астам адам қатысты. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және кезектен тыс ҚР Президенттік сайлауының сәтті өтуіне арналды.

Шараны "Казка" қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы, алматылық бизнес қауымдастық пен "Тамшы" ғылым және мәдениет қоры ұйымдастырды. Жоба Алматы облысы Қарасай ауданы және Алматы қаласының Наурызбай ауданының әкімдіктерінің қолдауымен жүзеге асты.

Елді мекенде 37 киіз үй тігілді. Олар Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстанды таныстырған бес ауылға бөлінді. Әр киіз үйде өз аймағына ғана қатысты дәстүрлер көрсетілді.

"Мұндай шараны екінші жыл өткізіп отырмыз. Мақсатымыз - қонақтарды қазақтың салтымен таныстыру, ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту. Сондай-ақ іскерлік орта бұл жерде бейресми түрде келіссөздер жүргізе алады. Мұнда көрме ұйымдастырылған жоқ, қонақтар киіз үйге кіріп, домбыраның құлағында ойнап, ән айтып, қымыз, шай ішті, сөйтіп, мерекелік көңіл-күйді сезінді", - деді алматылық бизнес қауымдастығының атқарушы директоры Олжас Досанбай.


Мерекеге Алматы, Астана, Оңтүстік Қазақстанның кәсіпкерлері жиылды. Қонақтарға арнап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының әртістері театрландырылған қойылым дайындады. Ал "Тамшы" ғылым және мәдениет қорының музыканттары мен вокалистері концерт ұйымдастырды.

Жиылғандар қазақтың салт-дәстүрлерін және ұлттық тағамдарды дайындай білулері бойынша сынға түсті. Сонымен қатар ұлттық ойындарға қатысты.