Оқыс оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болды. "15-тамыз күні таңертең мұнай базасының қызметкерлері 1000 тонналық сыйымдылығы бар стационар ыдыстан 20 тоннаға жуық жанармайдың ағып кеткенін анықтады", деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бақытқай қарай отын тұтанбай қалды. Адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі жағдаймен жанармайдың ағуы тоқтатылды. "Төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің үш адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнын ІІД қызметкерлері күзетке алды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті