Алматы облысындағы Мұстафа Өзтүрік ескерткіші жаңартылатын болады


деп хабарлады бейсенбіде Алматы таеквондо федерациясының вице-президенті Ғани Тілебалдин.
"10 жыл бұрын, 50 жылдығы қарсаңында спортшыға ол жерде ескерткіш орнатылған болатын, енді 60 жылдығына орай жаңаланған ескерткіш жасалып жатыр", деді ол бейсенбіде баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұрынғы ескерткіштің орнына мүлдем жаңасы қойылмақ, ол металдан жасалады, оның биіктігі спортшының бойына сай болмақ.
Жаңа ескерткішті Мұстафа Өзтүріктің туған күні –23 қараша күні ашу көзделген.
Мұстафа Өзтүрік -таеквондодан әлемнің алты мәрте чемпионы, 7-ші дан иесі, актер.
Ол Түркияда сонда көшіп барған қазақ отбасында туылған.
Қазақстанның көптеген қалаларында көшелерге оның аты берілген.
1990-1995 жылдары ол Қазақстанда тұрып жұмыс істеді. Бірқатар таеквондо мектептеріне де оның аты берілген.