Алматы облысындағы «Нұр Отан» ХДП филиалында жаңа басшы сайланды

Алматы облысының партиялық активімен кездесу барысында Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының төрағалығына облыс әкімі Аңсар Мұсахановты ұсынды.

Конференцияға қатысушы 300-ге жуық адам ол ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Айта кетер жәйт, бүгінгі күні «Нұр Отан» ХДП Алматы облысындағы филиалы мүшелерінің саны 81 035 адам.