Алматы облысындағы су тасқыны салдарынан автожолдың бір бөлігін су шайып кетті

Жолдың бұл бөлігіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Жолдың су шайып кеткен бөлігінің ені 5, тереңдігі 4 метрді құрайды. Оны жөндеуге 5 инженерлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнына Талдықорған аймақтық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының 5 адамы бар жедел тобы, қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің күштері мен жол полициясының қызметкерлері келіп жетті.