Алматы облысындағы тас жолда алты көлік соқтығысты

"Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Бастапқы болжам бойынша, жол апатына автокөліктердің арақашықтық пен жылдамдық тәртібін сақтамауы себеп болған", — деп ақпарат берді облыстық полиция баспасөз қызметі.

Жол апаты орнынан бір көліктің қашып кеткендігі анықталды, оны жол патрульдік полиция қызметкерлері іздестіруде. Жол апатынан зардап шеккен екі адамға – Subaru көлігін айдаған ер адам мен Toyota көлігінде отырған жолаушы әйелге медициналық көмек көрсетілді.