Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін


"Алдағы үш тәулікте 26-28 шілде аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты Алматы облысындағы таулы аймақтарда сел жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болатыны хабарланған болатын. "Республикамыздың оңтүстік жартысында қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін жоғарылайды. Ал еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 27-33, ал кейбір жерлерде 35-38 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі. Ыстық ауа райына байланысты бірнеше облысқа ескерту жарияланды", - делінген еді синоптиктер жариялаған хабарламада.