Алматы облысындағы тікұшақ апатына қатысты іс ҚК-нің 344-бабы бойынша тіркелді


Тікұшақтың ұшуы 2015 жылғы 30 желтоқсанда әуе-көлік қызметтерін көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-ның өтінімі бойынша «Аспан» әуекомпаниясы» АҚ-ның пайдалануындағы әуе кемесімен жүзеге асырылған. Аталған факті Үштөбе станциясындағы Желілік полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша тіркелді(темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.  Сонымен қатар «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексерістер тағайындалды.