Апат өткен сейсенбі күні таңсәріде Алматы - Өскемен тасжолының 55 шақырымында Қапшағай қаласында болған. "Фольксваген" және "Тойота" жеңіл көліктерінің соғылуы салдарынан соңғысы өртеніп кеткен. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және белгісіз екі жолаушы оқиға болған жерде қайтыс болып, "Фольксваген" көлігінің бір жолаушысы және "Тойота" жеңіл көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті