"Алматы облысының әкімдігі заңды жолмен Алматы облысының Қарасай ауданы әкімдігі мен "Общество сознания Кришны" діни бірлестігінің мүшелерімен арадағы жер дауын реттеуге қажетті шараларды қолдануға тиіс ", - деді кеңестің отырысында Қазақстан Әділет министрлігінің діндер ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ардақ Досжан.
Оның айтуынша, "кеңеске екі айдың ішінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілуі қажет".