Алматы облысының Алажиде ауылында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан үзіліп қалған жарық қайта берілді

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-ақпанда Қаратал ауданында 110 кВт-тық электр жалғастыру желісінде мұз қату салдарынан №30 Антоновка-Көктерек және №157 Үштөбе-Алажиде учаскелерінде тоқ апатты жағдайда үзілді. Алажиде, Көктерек, Антоновка, Матай және Лепсі ауылдарына жарық берілмей қалды. Сол күні Алажидеден басқа елдімекендерге жарық берілді.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 15-ақпан 19 сағат 45 минуттағы жағдаймен "Татек" ААҚ-ның 11 адам мен 3 техникасынан тұратын екі бригадасының күшімен апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті