Алматы облысының Алмаарасан сайында екі адам жардан құлады

ТЖМ ақпараты бойынша, 2 маусымда Алмаарасан сайының "Аюсай" шатқалында ер адам мен 24 жастағы қыз жардан құлаған. Тосын оқиға салдарынан бойжеткен оқиға орнында қаза тауып, ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді,

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, құтқару іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ "РОСО" МБ 4 қызметкері және бір арнайы техника жұмылдырылды.