Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Райымбек аудандық орталық ауруханасы қазыналық кәсіпорнында және аудан көлеміндегі денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан көрсетілетін медициналық-санитарлық, медициналық-әлеуметтік және дәрі-дәрмек көмектерінің тегін болуы мен қол жетімділігіне, сондай-ақ халықты аурудан сақтандыру және қолайлы санитарлық -эпидемиялық ахуалды қамтамысыз ету талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысында аталған заң бұзушылықтар бойынша тексерушілер тарапынан Нарынқол, Кеген орталық ауруханаларының бас дәрігерлеріне, Тасашы селолық амбулаторияның бас дәрігерінің атына кінәлі лауазым иелерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгізіліп, өздеріне жүктелген қызметтік міндетті немқұрайды орындаған 28 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті