Алматы облысының бас кеденшісі қызметтен кетті

Александр Волков қызметтен кету туралы рапорт берді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет төрағасы А.Волковтың шешімін мақұлдап, тиісті бұйрыққа қол қойды.

А.Волков қызметтен кету туралы арызды өз еркімен жазды, делінген хабарламада.