Алматы облысының бас қазынашысы қаржы полицейіне пара бермек болған

Қазынашылық департаментінің басшысы құрықталды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 қаңтарда ол қаржы полициясы қызметкеріне тексеру нәтижесін түзетіп беру үшін 900 мың теңге пара ұсынған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүріп жатыр.